Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда 400-ге жуық сотталушы түрмеден айыппұл төлеп шыққан

Қазақстанда 400-ге жуық сотталушы түрмеден айыппұл төлеп шыққан

Қазақстанда 400-ге жуық сотталушы түрмеден айыппұл төлеп шыққан. Бұл процесс 2015 жылдың басынан бері қолға алына бастады деп хабарлайды total.kz.

"Осы жүйе арқылы жылдың басында 380 адам түрмеден шықты. Айыппұлдың жалпы көлемі 119 млн теңгені құрады. Көлемі көп емес. Төрт есе көбейтуге болады", - деді Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы тұлғалардың құқығын бақылауды қорғау басқармасының бастығы Андрей Бессонов. А. Бессоновтың сөзінше, жаңа жүйені мақұлдауда нәтижелер бар. Тәжірибе жүргізіліп жатыр. "Қазір біз ұстап отырғандардың саны 100 мыңнан асады. Бұл жүйе арқылы өздерін жақсы ұстаған, айыбы өтелген адамдар шығады", - деді Андрей Бессонов. Сондай-ақ, мемлекет бір ғана сотталушыны ұстап отыру үшін жылына 600 мың теңге бөледі. Бұл баға девальвацияның әсерінен өсуі мүмкін. "Айыппұл - бұл көпшілігіне арналған тәжірибе емес. Тек таңдаулылар мен мерзімінен бұрын шартты босатылғандар үшін жүзеге асырылады. Әрбір шыққан адамды нақты қараймыз. Мысалы мерзімінен бұрын босатылғандардың саны бірнеше мың болса, соның 300-ге жуығы айыппұл арқылы шығады. Сотталушылардың бұл саны тез арада өсіп кетеді деп ойламаймын", - деді ол.

Похожие материалы