Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда 7 мыңыншы "Беларус" тракторы құрастырылды

Қазақстанда 7 мыңыншы "Беларус" тракторы құрастырылды
«ҚазАгро» холдингі желісі бойынша қолдау көрсетіліп, 1,3 млрд теңге инвестицияланған «СемАЗ» машина жасау зауыты «Беларус» тракторының 7 мыңыншы санын шығарды. Кәсіпорында 300-ден астам адам жұмыспен қамтылған деп хабарлайды BNews.kz.  «СемАЗ» ЖШС тракторлар өндірісінің тарихы 2009 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылық техникаларын құрастыру өндірісін ұйымдастыру жөніндегі конкурстан басталған, оны «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ өткізген болатын. Жаңа өндіріс инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жеңілдікті шарттармен, атап айтсақ, 6 %-бен 8 жылға дейінгі қаржыландыру және төлемнің мерзімін бір жылға ұзарту арқылы қаржыландырылды. Өндіріс тракторлардың үш моделін құрастырудан басталды - «Беларус 80.1», «Беларус 82.1» және «Беларус 1221.1». Бүгінгі таңда кәсіпорын 9 трактор моделін шығаруды меңгерді, оның ішіндегі ең жетілдірілгені «Беларус 3522» болып табылады. Тракторлардан басқа, "СемАЗ» ЖШС автобустар мен жүк автокөліктерін шығару өндірісін жолға қойды. Құрастыру, дәнекерлеу және бояу жұмыстарынан тұратын толық цикл принципі бойынша зауыттың технологиялық желілерінде «Daewoo» автобустары шығарылады, ал 2013 жылдан бастап Семейдің машина құрастырушылары 25 тоннаға дейінгі жүкті көтере алатын «Урал» және «SHACMAN» автокөліктерін шығара бастады. Тракторлар құрастыру өндірісі – «ҚазАгро» холдингі қызметіндегі 14 инвестициялық бағыттың біреуі ғана. Осы уақытта Холдингтің инвестициялық қоржынында жалпы құны 318,9 млрд теңгенің 517 жобасы бар және пайдалану кезеңінде 16 мың жұмыс орны ашылды.

Похожие материалы