Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда 772 мың адам әлеуметтік төлемге ие болды

Қазақстанда 772 мың адам әлеуметтік төлемге ие болды

Алматы. 7 ақпан. 7 kun.kz – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қазынасы 1 трлн 300 млрд теңгеден асты. Оның төрттен бір бөлігін инвестициялық табыс құрады. Бұл туралы бүгін мекеме басшылары арнайы брифингте хабарлады.

Былтырдың өзінде 700 мыңнан астам адамға шамамен 157 млрд теңге төленіпті. Бұл қаражатты алғандар арасында жүкті әйелдер, бала асырап алғандар мен бала күтіміне байланысты еңбекке жарамсыз азаматшалар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен асыраушысынан айырылғандар бар.

Айта кетейік, 2018 жылдан бастап мұндай төлемдердің көлемі 16 пайызға артып отыр. Қазір мемлекет тарапынан алынатын бұл қаражатты алуды жеңілдету жобасы әзірленіп жатыр.

"Еңбекке жарамсыз немесе асыраушысынан айырылған азаматтарға барлық төлемдер біріктіру жүйесі бойынша беріледі. Яғни медициналық сараптамадан өткен адам сол мезетте еңбекке жарамсыздығы бойынша өтініш жаза алады. 2018 жылы біз мемлекеттік корпорациямен бірлесіп пилоттық жобаны жүзеге асыра бастадық. Оған сәйкес өтініш білдірушінің өзі келіп, қағаз толтыруы міндетті болмайды", - дейді «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ президенті Сәуле Дүйсенова.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы