Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда 900-ге жуық британдық компания жұмыс істейді

Қазақстанда 900-ге жуық британдық компания жұмыс істейді

Алматы. 15 наурыз. 7kun.kz - Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Кэролин Браунды қабылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат жазады. 

Мәжіліс спикері кездесу кезінде екі ел арасындағы қарым-қатынасқа жіті көңіл бөле келіп, өткен жылы сыртқы сауда айналымының 1,2 млрд. долларды құрағандығын атап өтті. Қазақстанда 860 британдық бизнес компаниялары тіркелгендігін алға тартқан Н. Нығматулин: «Біз жаңа экономикалық саясат және индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында Қазақстанда инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін британдық капиталдың қатысуына мүдделіміз»,- деді.

Жүздесу барысында Астанада өтетін «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесі де назардан тыс қалмады.   Осы ретте мәжіліс төрағасы британдық павильон қазақстандықтар мен шетелдік қонақтардың ерекше ықыласына ие болатынына сенім білдірді. Сонымен қатар, тараптар заң шығару жұмысында парламентаралық байланыстарды тереңдетудің маңыздылығына көңіл бөліп, тәжірибе алмасудың түрлі жолдарын атап өтті.

Похожие материалы