Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда АН-28 ұшақтары ұшуын тоқтатты

Қазақстанда АН-28 ұшақтары ұшуын тоқтатты

Алматы. 23 қазан. 7kun.kz - Қазақстанда АН-28 ұшақтары ұшуын тоқтатты деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті.

"2017 жылдың 3 қазанында адам өліміне соқтырған Ан-28 ұшағының (тіркеу нөмері UP-2807) апатқа ұшырауына байланысты ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті «East Wings» АҚ компаниясының барлық АН-28 ұшақтарының ұшуын тергеу комиссиясы алдын ала жұмыстарын аяқтағанға және апаттың себебін анықтағанға дейін тоқтатады", - делінген хабарламада.

Азаматтық авиация комитеті мәліметінше, қазір Қазақстанда жеті Ан-28 ұшағы бар. Оның төртеуі ұшпайды. Бір ұшақ апатқа байланысты әуе кемелерінің қатарынан шыққан. Екі ұшақ  қана қолданыста.

Еске салсақ, 3 қазанда Алматы облысы Іле ауданында санитарлық авиация қызметінің АН-28 ұшағы апатқа ұшыраған еді. Ұшақта бес адам түгел қаза тапқан.

       

Похожие материалы