Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда кәрілік көрсеткіші өсіп жатыр

Қазақстанда кәрілік көрсеткіші өсіп жатыр

Алматы. 6 қараша. 7kun.kz - Соңғы екі жылда (2015-2016) Қазақстанда әрбір 100 балаға жасы 65-тен асатын 26 адам келетін (индекс - 25,9), соңғы уақытта бұл көрсеткіштің ұлғайғаны байқалады. Бұл туралы Ranking.kz хабарлайды.

Бұған дейінгі 5 жылда қартаю көрсеткіші қысқарған болатын. 2009-2014 жылдар аралығында көрсеткіш 28,3-тен 25,7-ге дейін қысқарды. Қазіргі уақытта бұл туу көрсеткішінің төмен болуымен байланысты болып отыр.

2016 жылы туу коэффициенті 19 өңірдің тек бесеуінде көбейген. Дегенмен Қазақстан қалаларында қартаю көрсеткіші ауылдық аумақтардан жоғары. Астана Алматыға қарағанда жас қала. Астанада 2016 жылдың қорытындысы  бойынша қартаю индексі 15,6-ға тең болды. Ал Алматыда бұл көрсеткіш екі есе жоғары.

Естеріңізге салсақ, 2016 жылғы көрсеткіш бойынша әрбір 100 балаға 29 қарт келген. Яғни индекс 29,2 болған еді, ал 7 жыл бұрын 34,1 болды.

Похожие материалы