Қазақстандағы астық экспорты 2015 жылдың басынан бері 21%-ға төмендеді. Бұл туралы LS хабарлайды.
"Мемлекеттің кіріс комитетінің мәліметіне сәйкес, 2015 жылдың басынан 10 қарашаға дейін астық өнімін экспорттауда 3,4 млн тонна дән түйіршіктері мен 1,4 тонна ұн тиелді. Ал 2014 жылы 4,3 млн тонна бидай өнімі мен 1,6 ұн экспаортталған", - делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында. Осылайша, қазақстандық астық өнімінің экспорт көлемі - 21%-ға, ал ұн көлемі - 12,5%-ға азайған.
Ал сатып алушы елдерге келер болсақ, 2015 жылдың он айында Қазақстаннан ең көп астық өнімін Өзбекстан (1,6 млн тонна), Тәжікстан (733,2 мың тонна), Ауғанстан (706 мың тонна) және Қырғызстан (275,2 мың тонна) сатып алған. Қазақстандағы бидай өнімін экспорттау мамыр айында 20%-ға өскенмен, тоннасы 30-35 мың теңгеге төмендеген.
"2015 жылдың қаңтар айында баға 40-42 мың теңге көлемінде болды. Ал мамыр айында 35 мың теңгеге түсті. Қазан айының соңында көрсеткіш 40 мың теңгеге жетті. Қазіргі уақытта үшінші класты бидай өнімінің бағасы ішкі нарықта 40-42 мың теңгені құрайды. Алдағы уақытта Қазақстан нарығындағы баға жағдайы тұрақты болады деп күтілуде", - делінген министрлік хабарламасында.
Фото: news.ivest.kz