Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісі 4%-ға өсті

Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісі 4%-ға өсті

Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz – 2018 жылдың қаңтар-маусымында Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісі 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға өсті.

Еуразиялық экономикалық комиссияның хабарлауынша, есепті кезеңде Қазақстан 5,2% өсім көрсеткен. Ресейде өсім 2,2%, Беларусте - 1,7%, Қырғызстанда - 1,6% болды.

2018 жылдың қаңтар-маусымында Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1% -ға артты.

Тауарлар бойынша Қазақстан сүт пен жұмыртқаны өндіруде көшбасшы болды. Мәселен, 2018 жылдың бірінші жартысында елде шамамен 2,8 млн тонна сүт өндірілді, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңінен 3% жоғары. Сондай-ақ, Қазақстанда 2,7 миллиард жұмыртқа өндірілді. Өсім 14,3%-ды құрады.

Сонымен қатар, елімізде жарты жылда 829,1 мың тонна ет өндірілді, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5% артық.

Похожие материалы