Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда автокөліктерді утилизациялайтын алғашқы зауыт ашылды

Қазақстанда автокөліктерді утилизациялайтын алғашқы зауыт ашылды

Алматы. 27 шілде. 7kun.kz – Қазақстанда ескі автокөліктерді қайта өңдейтін зауыт ісске қосылды. Жоба құны 3,4 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы «Оператор РОП» хабарлады.

Дәл қазіргі уақытта сағатына 20-25 ескі автомобильді қирататын мүмкіндіктер қарастырылып жатыр. Ал жалпы шредерлік кешеннің өндірістік қуаты 50 мың қолданыстан шыққан көлік құралдарын қамтиды.

Қара, түрлі-түсті металлдар мен олардың қоспаларынан алынған заттар аймақтың металлургиялық кәсіпорындарына жеткізіледі. Бұл экономика салаларын дамытуға ықпал етеді.

Зауытты толығымен қосу 2017 жылдың соңына жоспарланған.

Аталған зауыт Орталық Азиядағы алғашқы әрі Қазақстанның қайта өңдеу саласындағы ең ірі жобаларының бірі болып саналады. Өндіріс Қарағанды облысының «Сарыарқа»  арнайы экономикалық аймағында жүргізіледі.

Жаңа зауыт итальяндық сандық  құралдармен жабдықталған. Кешеннің жұмысы толығымен компьютерлік жүйе арқылы басқарылады.

2017 жылдың басынан бастап автокөлік иелері 23 мың ескі авто өткізді, бұл үшін оларға 3,45 млрд теңге өтемақы төленді.

Похожие материалы