Қазақстанда 2016 жылы 47 мың көлік сатылған. Бұл көрсеткіш 2015 жылы 97 мың болған еді. Қазақстан автобизнес ассоциациясының мәліметтеріне сенсек, 2015 жылға қарағанда былтыр елімізде автокөлік сатылымы 56 пайызға кеміген.
«Клиенттердің сатып алушылық қабілеті төмендеп кеткені түсінікті. Мұндай кездері адамдар қымбат дүниелерді тұтынуды кейінге қалдыра түседі. Банктерге де депозиттің пайыздық мөлшерлемесін өсірмеулеріне тура келеді. Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені жоғарылатқаны жеке тұлғаларға берілетін кредиттің көлемін қысқартып, нарыққа қысым жасап отыр»,- деді «Астана Моторс» президенті Нұрлан Смағұлов баспасөз-конференциясында.
Компания 2017 жылы автокөлік нарығында тұтынушылардың сұранысы қайта «тіріле» бастайды деген ойда.
"Биылғы жылдың басты тренді Қазақстанда жасалған автокөліктердің бағасының өсуі дейді компания өкілдері. Бұған себеп – қосымша құн салығына берілетін жеңілдіктің алынып тасталуы. Жыл басында 2016 жылғы көліктер ұсынысының аясы тар болады, себебі импорттаушылар 2014-2015 жылғы тауарларды өткізудің әлегімен болды", - дейді «Астана Моторс» компаниясының атқарушы директоры Антон Афонин.
Оның ойынша, 2017 жылы Trade-in қызметі тұтынушылар арасында отандық өнімдерді қолдайтын мемлекеттік бағдарламаға деген сұраныс артады, тауарды кредитке беру үлесі 45-50 пайыздың арасында «тоқырайды». Премиум сегменттің өсуі ешқандай дағдарысқа қарамастан жалғаса бермек.