Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда банк секторының жиынтық активтері қысқарды

Қазақстанда банк секторының жиынтық активтері қысқарды

Алматы. 25 қазан. 7kun.kz - 2017 жылы 1 қазанда банк секторының жиынтық активтері 24 443,5 млрд теңгені (төмендеу жыл басынан 4,4%) құрады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

2017 жылғы 1 қазанда банк секторының жиынтық активтері  24 443,5 млрд теңгені (төмендеу жыл басынан 4,4%) құрады. Активтердің құрылымында ең көп үлесті кредиттер – 51,9%, бағалы қағаздар портфелі – 16,1%, қолма-қол ақша, тазартылған бағалы металдар мен корреспонденттік шоттар – 13,5%.

90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің (NPL) көлемі 1 772,3 млрд теңгені немесе несие портфелінің 12,7 пайызын құрады.

Несие портфелі бойынша провизиялар 2 214,6 млрд теңге немесе несие портфелінің 15,9 пайызы (2017 жылдың басында – 1 642,9 млрд теңге немесе 10,6%) мөлшерінде қалыптасты.

Банк секторының жиынтық міндеттемелерінің мөлшері 21 571,0 млрд теңгені (төмендеу жыл басынан бері 5%) құрады.

Банктер міндеттемелерінің құрылымында ең жоғары үлесті клиенттердің салымдары – 80,3%, айналысқа шығарылған бағалы қағаздар – 6,3%, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар – 4% иеленеді.

Жиынтық міндеттемелерде банктердің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелері 2017 жылдың басымен салыстырғанда 7,4 пайыздан 5,8 пайызға дейін (1 255,5 млрд теңгеге дейін) төмендеді.

2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша банк секторының жиынтық меншікті капиталы 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте 1,1 пайызға ұлғайып, 2 872,5 млрд теңге болды.

Екінші деңгейдегі банктердің резервтерді (провизияларды) қалыптастыруымен (ағымдағы шығыстардың ағымдағы кірістерден артуы) негізделген таза зиян 122,8 млрд теңгені құрады.

Екінші деңгейдегі банктердің таза пайыздық маржасы және пайыздық спрэді 5,17% және 4,31% болды.

2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторын 33 банк құрайды.

Похожие материалы