Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда Батырхан Шүкенов атындағы қоғамдық қор құрылады

Қазақстанда Батырхан Шүкенов атындағы қоғамдық қор құрылады

Қазақстанда Батырхан Шүкеновтың құрметіне қоғамдық қор ашылады. Бұл жөнінде әншінің директоры Олжас Байқанов мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта "Батырхан Шүкенов атындағы қор" қоғамдық қоры тіркеуден өткізіліп жатыр. Мен барлық заңға қатысты мәселелерімен айналысып жатырмын. Қордың басшысы - Батырханның ағасы Бауыржан Шүкенов. Қордың аясында ұсыныстары мен идеялары бар жандар жиналады деп үміттенеміз", - деп жазады Байқанов Facebook  желісіндегі парақшасында. Батырхан Шүкеновтың директоры бастамашыл топтарға 6 маусым күні кездесу ұйымдастыруды ұсынды. "Ұсақ топтармен белгілі бір шешімдерге келу әлдеқайда қиынырақ. Бәріміз бірге болайық! Қазаға байланысты іс-шаралардың барлығын аяқтаған соң, кездесудің уақыты мен болатын жерін хабарлайтын боламыз. Жалпы кездесуге дейін бастамалар мен қол жинауды кейінге шегере тұрған жөн", - дейді Байқанов. Ол Батырхан Шүкеновтың отбасының және өз атынан барша қолдау көрсеткен жандарға алғысын жолдады. Естеріңізге сала кетсек, Алматы жұртшылығының әншіні соңғы сапарға шығарып салған сәтінен материал ұсынған болатынбыз.

Похожие материалы