Экономика
Экономика1
Қазақстанда болат өндірісі 2014 жылы 14%-ға өсті
Қазақстанда 2014 жылы 3,993 млн тонна тазартылмаған болат өндірілген. Бұл 2013 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 14%-ға артық деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі.
Мәліметтерге сәйкес өткен жыл ішінде республикада 2,537 млн тонна жайдақ прокат өнімі (11,4%-ға артық), 526,984 мың тонна цинктелген прокат өнімі (2,3%-ға артық), 76,719 мың ақ қаңылтыр мен қалайыланған жапырақты прокат өнімі (0,5%-ға артық) өндірілген.
Есеп кезеңінде 76, 719 млн тонна ферроқорытпа (0,5%-ға артық) өндірілді.