Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстанда дағдарыс жоқ

Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстанда дағдарыс жоқ

Қазақстан экономикасында дағдарыс жоқ. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Үкіметтің кеңейтілген отырсында мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тағы да айтқым келеді, біздің қазақстандық экономикада айтарлықтай дағдарыс жоқ. Ғаламдық дағдарыс – ол сыртқы фактор. Бірінші жағымсыз фактор - мұнайдың екі есе арзандауы: маусымда – 100-ден жоғары (мұнай баррелінің бағасы - Авт.), қазір - 50-ден төмен. Негізгі экспорттық тауарлар - металл, тыңайтқыштар және тағы да басқалардың бағасы төмендеп жатыр. Екінші маңызды фактор - экономикалық дағдарыс, Ресей рублінің құнсыздануы, Ресейдегі рецессия. Экономикалық әріптестік және даму ұйымы елдерінде 43 миллион жұмыссыз бар, 850 миллионнан астам адам аштықта. Еуроаймақта жұмыссыздық деңгейі - 11,5 пайыз. Жалпы әлемдік жағдай, ал біз сол әлемнің бөлшегіміз және бұл бізге әсер етпей қоймайды. Міне, біз әсерін сезіп отырмыз", - деді мемлекет басшысы. ҚР Президенті қолға алынған шаралардың ішінде нақты жоба, жоспарлар бар екенін атап өтті. Және ол жоспарлар қатып қалған қатаң қағидалар емес. «Ең жақсы жоспарлар заманға байланысты икемделіп, бейімделе білуі керек», -  деді Н.Назарбаев. Елбасының айтуынша, "Нұрлы жол" бағдарламасы да осы себепті қабылданды. "Көп іс жағымсыз тенденцияларды жұмсарту үшін жасалды. "Нұрлы жол" бағдарламасы - қиын жағдайдағы өсудің бастауы. Мен осы жылы қиындықтар болатынын айтқанмын. Бүгін кеңес тәртібінде отырыс өткіземіз, ұсыныстары бар әркімге сөз беремін, үкімет бүгін не қабылдауы керектігін айтсын", - деді Н.Назарбаев.  

Похожие материалы