Алматы. 12 шілде. 7kun.kz - Маусым айының қорытындысы бойынша, антибиотиктердің жылдық баға өсімі айтарлықтай жоғарылаған. Бұл туралы energyprom.kz хабарлады.
Ампицилин 25,2 пайызға қымбаттаған. Антисептикалық дәрілер бағасы бір жылда 10,6 пайызға, витаминдік препараттар - 3,4 пайызға, медициналық бинт - 9,3 пайызға, мақта - 2 пайызға қымбаттады.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда дәрі жетіспеушілігі болған жағдайда, оны қымбаттатуғы тыйым салынатынын айтқан болатын. Министрлікте 2017 жылдың соңына дейін барлық дәрілік препараттардың бағасын реттеу жүйесін іске асырып жатыр. Мемлекет шекті бағаларды орнатады: бұл жүйе өндірушілер мен дистрибьюторларға дәрі жетіспеушілігі жағдайында оның бағасын негізсіз көтеріп, үстеме пайда табуына жол бермейді.
Қазіргі бақылаусыз жүйеде өндірушілер мемлекетте өз дәрілерін сату бағасын өздері орната алады. Бұған қоса, дәріханаларда да үстеме бағаны өздері орнатуға құқықтары бар. Нәтижесінде бір қала дәріханалары арасындағы баға айырмашылығы 20 пайызға жетеді, кей жағдайда дәрі жетіспеушілігі кезінде үстеме баға 200 пайызға дейін көтерілуі мүмкін.Atameken Business Channel деректері бойынша, Қазақстанда 5-10 доллар арасындағы препараттар көп сатылады - олар коммерцияның 22 пайыз бөлігін алады. Екінші орында, 1 доллардан басталатын препараттар: коммерцияда 2015 жылы - 9 пайыз, 2016 жылы - 14 пайыз бөлікті алған. Яғни, қолжетімді дәрі-дәрмектердің тұтынылуы өскен.
Өндірушілер қазақстанды фармацевтика нарығын белсенді түрде дамытып жатыр. 2017 жылдың қаңтар-мамырында фармацевтикалық өнімдердің жалпы құндық көрсеткіші 32,68 млрд теңгені құрады - 2016 жылғыдан екі есе көп.
Дәрі өндірісі де өскен: жылдан жылға +40,1 пайызға (8,58 мың тонна). Дәрі өндіруден:
- Алматы облысы - 4,77 мың тонна (+53,7 пайыз)
- Алматы қаласы - 1,5 мың тонна (+53,4 пайыз жылына)
- ШҚО - 1,07 мың тонна (+5,4 пайыз)
Үш ірі аймақта мынадай ірі компаниялар жұмыс жасайды: «АбдиИбахим ГлобалФарм» ЖШС, «Kelun-KazPharm» ЖШС, «Dolce» ЖШС (Алматы облысы), «Нобел» Алматы фармацевтика фабрикасы, «Аврора» ЖШС, «Cheminnova Alimor Kazpharm» ЖШС, «Rapid-Alimor Pharm Industries» ЖШС, «Dosfarm» ЖШС (Алматы), «Зерде-Фито» ЖШС, «Химфарм» АҚ (ШҚО) және тағы басқалары.