Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда долларсыздандыру жөніндегі шаралар қашан қабылданатындығы белгілі болды

Қазақстанда долларсыздандыру жөніндегі шаралар қашан қабылданатындығы белгілі болды

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов бүгін ОҚД-да өткен брифинг барысында теңге бағамына қолдау көрсету үшін Қазақстанда қандай шаралар қолданылатындығын айтты. Сонымен қатар елімізде долларсыздандыру шаралары қашан әрекет ете бастайтындығын хабарлады.

"Қазіргі уақытта біз ағымдағы валютадық дәлізді ұстанудамыз. Егер қандай да бір жаққа кенет ауытқулар болса, біз белгілі бір шараларды қабылдаймыз. Келесі аптаның басында долларсыздандыру жөніндегі шараларды қарастырудамыз", - дем мәлімдеді елдің бас банкирі Қайрат Келімбетов. Бұған қоса, ол Қазақстандағы қазіргі экономикалық ахуалды баяндап, бірқатар дағдарысқа қарсы әрекеттерді атап өтті. "Екінші деңгейлі банктер арқылы теңге өтімділігіне қолдау көрсетуді жоспарлап отырмыз. Өткен жылдың қарашасында мемлекет басшысының Жолдауы шыққан еді. Біздің ел дағдарысқа қарсы шараларды бірінші болып бастады. 2015-2016 жылдарға экономикалық саясатта Ұлттық банк алдына бірнеше мәселелер қойылды. 2014 жыл ішінде резервтер 17%-ға артты, жыл қорытындысы бойынша алтын-валюталық қор деңгейі 17%-ға өсті. Біздің тарихымызда алғашы рет алтын-валюталық қор 100 млрд доллардан асты", - деп хабарлады Келімбетов. Ол сонымен қатар журналистерге жұмыс істемейтін несиелер көлемін төмендетуге қатысты жасалынып жатқан жұмыстар туралы айтты. Бүгінгі таңда ондай несиелер жалпы қарыздар санының 23% қамтиды. Кейбір банктердің бірігуінен кейін проблемалық несиелер деңгейі төмендейді деп сендірді Ұлттық банк басшысы. Ақпарат көзі: Zakon.kz

Похожие материалы