Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда еңбек келісімшарттарының электронды базасы жұмыс істей бастайды

Қазақстанда еңбек келісімшарттарының электронды базасы жұмыс істей бастайды

Алматы. 22 қараша. 7kun.kz - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында «Ақпараттық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық ресурстарын дамыту туралы баяндады деп хабарлайды ЕЖХӘҚ министрлігінің баспасөз қызметі. 

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қазақстанда Бірыңғай электронды еңбек биржасы базасында қызметкердің бейінін сақтау және еңбек келісімшарттарын тіркеу үшін e-HR жүйесі құрылады.

Электрондық форматқа көшірілген еңбек келісімшарттары қағаз кітабынан бас тартуға, азаматтардың ресми жұмысқа орналасуы туралы, келісімшарт жасау күні көрсетілген ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, қызметкердің бейінін енгізу және оның құзыреттілігін онлайн тәртібінде растай алатын болады.

Тамара Дүйсенова атап өткендей, бұл жобаны мемлекеттік жекемешік әріптестік шеңберінде жүзеге асыру жоспарланып отыр.

«Биыл бір пилоттық аймақта жұмыс басталады. Жұмыстың нәтижесі бойынша жүйе бүкіл аймақта жүзеге асырылатын болады. Жобаны іске асыру Еңбек кодексіне өзгерістер енгізуді талап етеді. Ол келісілгеннен кейін біз тиісті заң жобасын дайындаймыз» - деді министр.

Сонымен қатар, электрондық еңбек биржасының негізінде хабарлау процедурасында 12 МВт-дан төмен табыстары бар өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды электронды тіркеу жүйесін құру жоспарлануда. Тіркеу туралы ақпарат Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесінде көрсетіледі.

Жалпы алғанда, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және еңбек келісім-шарттарын жасаған еңбек биржасының деректері жеке тұлғалардың мемлекеттік базасына түседі. Бұл азаматтардың әлеуметтік мәртебесін автоматтандыруды және тұрақты түрде жаңартып отыруды қамтамасыз етеді.

2017 жылы құқығы бұзылған 20 жұмысшыға 2,7 млрд теңге төленді.

Похожие материалы