Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда ерекше брендтер пайда болады

Қазақстанда ерекше брендтер пайда болады

Қазақстанда экспортты қолдаудың «KazBrands» шаралар кешені жасақталды. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

Министрдің айтуынша, елімізде бұрын-соңды болмаған отандық брендтер өмірге келеді. Ә.Исекешев ол өнімдер әлемдік нарықта өз орындарын табатынына сенім танытты. «KazBrands» шартты атауымен жүргізілетін аталмыш шаралар қаржылық және қаржылық емес қолдау жасау арқылы осы брендттердің қалыптасуына үлкен серпін береді. Әрбір бренд бойынша даму жоспары бар және біздің мақсатымыз «Қазақстанда жасалған» имиджін сыртқы нарықтарда көтеру», - дейді министр. «KazBrands» шаралар кешені индустриаландырудың алдағы бесжылдығында атап көрсетілген шикізаттық емес саланы дамыту бағдарламасымен үндестірілетін болады.

Похожие материалы