2014-2015 жылдары Қазақстанда автокөлік сатылымы күрт көбейіп, елдегі машиналар саны екі жылда 510 мыңға артқан еді. Сондай-ақ, сол мерзім аралығында ескі көліктердің саны 738 мыңға азайған.
Қазақстандықтардың ішінде жаңа болмаса да, шыққанына 3 жылдан көп, бірақ 7 жылдан аспаған көліктерді сатып алушылар саны өткен жылы 35,5 мыңға, 2017 жылдың ақпанында 403 мыңға артқан.
Импорттық тауарлар бағасының қымбаттауы мен халық табысының азаюына байланысты ортастатистикалық қазақстандық үшін жаңа автокөлік алу қымбаттап кетті. 2016 жылдың қорытындысы бойынша, қазақстандықтардың табысы 4,5 пайызға қысқарған. Бұл - 2009-2010 жылдардан бергі алғашқы құлдырау.