Қазақстанда жануарлардан алынатын өнімдердің өндірісі қысқарылып жатыр. Бұл жөнінде Статистика комитеті хабарлады.
2015 жылдың ақпан-қыркүйек айларында еліміздегі ет өндірісі 2014 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 4,3%-ға азайып, 160,7 мың тонна болды.
Тауық еті өндірісінде де төмендеу байқалды. Осы жылы өндіріс көлемі 25%- ға кеміп, 27,8 мың тоннаны көрсетті.
Комитеттің ақпараты бойынша тауық, түйетауық, үйрек, қаз еттерінің өндірісі 42%-ға дейін төмендеген. 2015 жылғы 9 айдың ішінде осы өнімдердің 21,2 мың тоннасы жинақталған.
Өндірісті азайту шұжық және соған ұқсас өнімдерге де әсер етті. Осы жылдың 9 айында 29,6 мың тонна өндірілді. Алайда бұл көрсеткіш 2014 жылы 30,4 мың тонна болған еді.
Дегенмен, ірі қара мал, шошқа, қой, ешкі , жылқы еттерінің өнімдерінің көлемі 61,4 мың тоннадан 61,9 мың тоннаға (0,8%) дейін өсті.