Астана. 24 ақпан. 7kun.kz - Жыл басынан бері Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 2,1%-ға дейін қымбаттаған. Бұл туралы статистка комитеті хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, картоп 14,3%-ға, ақбас қырыққабаты 8%-ға, пияз 7,8%, қызылша 4,2%, сәбіз 2,9%-ға қымбаттаған.
Сондай-ақ, баға сиыр (6,3%) және қой етіне (4,7%) өскен.
Бұдан бөлек сары май 4,4%-ға, өсімдік майы 2,1% қымбаттады. Нан 3,1%-ға өсті.
Айта кетейік, 2016 жылы азық-түлік өнімдері 11,2%-ға, азық-түлік емес өнімдер 9%-ға, қызметтер 6,1%-ға қымбаттады.