Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда еуроға деген сұраныс артып жатыр

Қазақстанда еуроға деген сұраныс артып жатыр

Алматы. 28 мамыр. 7kun.kz - Қазақстанда еуроға деген сұраныс артып келеді. Ұлттық банктің деректеріне сүйенсек, 2015 жылдың сәуір айында айырбастау пунктерінде сатылған валютаның көлемі 113,3 млн еуроны қамтыды. Ал қаңтар айында 99 млн еуро сатылған болатын.

Ең белсенді түрде Еуропа валютасын сатып алғандар Алматы қаласының тұрғындары - 55,2 млн еуро, қаңтар айында - 46 млн еуро. Бұл ретте Астана тұрғындары сәуір айында 20,1 млн еуро сатып алған, қаңтар айында - 19 млн еуро.

Еуроға деген қызығушылық Қарағанды облысында да жоғарылаған. Бұл аймақта сәуір айында айырбастау пунктері 8,3 млн еуро сатқан, қаңтарда - 7 млн еуро.

Сонымен қатар қазақстандықтар бұрынғыша Америка валютасына басымдық беруде. Реттеуіштің деректері бойынша, сәуір айында айырбастау пунктерінде сатылған доллар көлемі 2,14 млрд долларға жетті, осы жылдың қаңтар айында - 1,4 млрд доллар.

Доллар сатып алу бойынша көш басында Алматы тұрғындары (сәуірде - 740,4 млн доллар, қаңтарда - 519 млн доллар), содан соң Астана (сәуірде - 309,2 млн доллар, қаңтарда - 181 млн доллар) және Оңтүстік Қазақстан облысы (сәуірде - 215,5 млн доллар, қаңтарда - 107 млн доллар).

Похожие материалы