Алматы. 30 мамыр. 7kun.kz - Қазақстандықтар еуроны белсенді сатып алып жатыр. 2017 жылдың қаңтар-сәуірінде 2016 жылдың аталған мерзімінен қарағанда 70,4 пайызға көп еуровалюта сатып алынған. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.
2017 жылдың сәуірінде айырбастастау пунктерінде шетелдік валюта саудасы қысқарған. Долларды сатып алу бір айда 25,6 пайызға (562,5 млн доллар), еуро 0,5 пайызға (106,8 млн еуро) және рубль 4 пайызға (11,4 млрд рубль) азайды. Ал 2016 жылдың сәуір айындағы көрсеткішпен салыстырғанда валюта саудасы артқан. Доллардың өсімі - 8,5%, еуро - 81,7% және рубль - 6,9% құраған
2017 жылдың қаңтар-сәуірінде ақша айырбастаушылар 386,2 млн еуро сатқан. Бір жылдағы өсім - 70,4 пайыз. Рубль саудасы өткен жылдың қаңтар-сәуірінен қарағанда 5,3 пайызға көп (44,8 млрд рубль).
Доллар сатылымы
АҚШ долларын ең көп сатып алған Алматы тұрғындары - 276,5 млн доллар. Бұл наурыздағы көрсеткіштен 24,1 пайызға аз, ал 2016 жылдың сәуірімен салыстырғанда 8,5 пайызға көп.
Доллар сатып алу бойынша екінші орында Астана тұр. Қалада 67,3 млн доллар шетел валютасы сатылған. Ол наурыздан қарағанда 22,2 пайызға, ал өткен жылдың сәуірінен қарағанда 24,3 пайызға аз. 2017 жылдың сәуірінде Қазақстанда долар сатып алу бойынша Алматы мен Астананың үлесі 61,1 пайызды құрады.
Үштікті Оңтүстік Қазақстан облысы аяқтайды. Оңтүстік өңір тұрғындары 38,5 млн доллар сатып алған. Бір айда көрсеткіш 38,9 пайызға түскен. Өткен жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда өсім 51,2 пайыз болды. ҚР үлесі - 6,8 пайыз.
Еуро сатылымы
Еуро сатып алуда да Алматы мен Астана көш бастап тұр. Айырбастау пунктерінен еуро сатып алу бойынша Қазақстандағы үлесі - 61,6 пайыз.
Алматыда айырбастау пунктерінен 44,1 млн еуро сатып алынған. Ол 2017 жылдың аурызынан 9,4 пайызға аз, бірақ өткен жылдан қарағанда 47,1 пайызға артқан.
Астанада - 21,7 млн еуро, бір айдағы өсім 16,4 пайыз. Бір жылдағы өсім 97,0 пайызға артқан.
Үшінші орында ОҚО - еуро саудасы 7,5 млн еуроны құрады. Бұл көрсеткіш 2017 жылдың наурызынан қарағанда 18,5 ппайызға аз, ал өткен жылдың сәуірімен салыстырғанда екі жарым есе артық. ҚР үлесі - 7,1 пайыз.