
Алматы. 12 шілде. 7kun.kz - Қазақстандықтардың доллар мен рубльге деген сұранысы төмендеп, еуроға қызығушылығы артты, деп хабарлайды abctv.kz.
Мамыр айындағы есеп бойынша отандастарымыз айырбас пункттерінен 32 млрд 8 млн доллар сатып алған. Ал Ресей рубліне келер болсақ сатып алу көрсеткіші биылғы жылда бірінші рет төмендеген. Ол 61 млрд 8 млн теңгені құрады.
Сәуірде бұл сан 77 млрд 3 млн теңге болған еді. Ал еуро сатылымы үшінші ай қатарынан өсіп отыр. Мамырда бұр көрсеткіш 26 жарым млрд теңгеге жетті. Еуроның бұл айдағы көрсеткіші 388 теңге 5 тиынға тең болған.