9 және 17 наурыз аралығында Қазақстан ауқымды іс-шараға - «Global Money Week- 2015» балалар мен жастар арасында қаржылық сауаттылықты артырудың дүниежүзілік апталығына қатысты. Бұл акция өскелең ұрпақтың сенімді әрі жауапты қаржылық болашағының мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Дүние жүзінде ақшаға, үнемдеуге, жұмысбастылыққа, қаражатты жинақтауға және т.с.с. арналған түрлі шаралар болып өтті.
"Бұл жылы Global Money Week шарасына 120-дан астам ел қатысуда, Еуропа мен Орталық Азия аймағында - шамамен 40 ел. Қазақстанда акцияға Қазақстан қор биржасы, Экономикалық сауаттылықтың халықаралық орталығы және Хоум Кредит банкі қатысты. Бұл ретте KASE мен Хоум Кредит банкі бұл шараға қатарынан екінші жыл қатысып келеді. Біз банк ұсынған қаржылық сауаттылық бағдарламасы едәуір өскендігін байқап отырмыз. Егер өткен жылы бірнеше семинар ғана өткізілсе, бұл жылы іс-шаралар елдің барлың өңірлерінде өткізіліп жатыр", - деп мәлімдеді Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша CYFI аймақ үйлестірушісі Карина Авакян.
Республика бойынша 45 іс-шара өткізілді, оларға 100 білім беру мекемесі қатысқан.