Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда іскерлік белсенділік артты

Қазақстанда іскерлік белсенділік артты

Алматы. 18 қыркүйек. 7kun.kz — Қазақстанда уақытша және толық емес күн жұмыс істейтін қызметкерлер саны қысқарып, шаруашылық жүргізуші субъектілердің іскерлік белсенділігі артқан. Бұл туралы finprom.kz хабарлайды.

2017 жылдың қаңтар-маусымында ірі және орта кәсіпорындардағы жалдамалы қызметкерлер мен толық емес күндегі қызметкерлер саны 19,6 мың адамды құрады. Бұл 2016 жылдан 28,5 пайызға аз.

Ірі және орта кәсіпорындардағы қызметкерлер саны Маңғыстау облысында көбейген. Мұнда уақытша жұмыссыздар саны мен толық емес жұмыс күндегі қызметкерлер саны жылына 3,1 мың адамға азайған.

Оңтүстік Қазақстанда іскерлік орта дамып келеді. Жұмыссыздар саны бір жылда 3000 адамға, Қостанайда 2000 адамға қысқарған.

Жұмыспен қамтылған қызметкерлер құрылыс индустриясында, өңдеуші өнеркәсіпте және тау-кен өнеркәсібінде көбейген.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы