Алматы. 11 қазан. 7kun.kz - Қазақстанда көмірдің бағасы 2017 жылдың қыркүйектегі қорытындысы бойынша бір тоннасы орташа есеппен 11 мың теңгені құрады. Бұл баға тамыз айымен салыстырғанда 6,6 пайызға артық деп хабарлады energyprom.kz.
Ірі қалалар мен мегаполистер арасында көмірдің ең жоғары бағасы Ақтөбе қаласында тіркелген (тоннасы 14,5 мың теңге, бір айда 7,4 пайыз өсім).
Сондай-ақ, үштікте Астана (тоннасы 14,2 мың теңге, бір айда 24,8 пайызға, бір жылда 34,2 пайыз өсім), Орал (тоннасына 14 мың теңге, жылына 7,7 пайыз өсім) қалалары бар.
ҚР Энергетика министрлігінің ресми түсіндірмесіне сай, Қазақстанда көмір бағасының қымбаттауына теміржол тарифтері және делдалдардың өз бағасын қоюы айтарлықтай әсер еткен.