Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда күн сайын 7 мың несие беріледі

Қазақстанда күн сайын 7 мың несие беріледі

Күн сайын елімізде 7 мыңға жуық несие беріледі. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады. Бұл несиелердің кемінде 2-і жалған құжатпен рәсімделетін көрінеді.

Телеарнаға сұхбат берген бірінші несиелік бюро өкілдерінің айтуынша бүгінде алаяқтардың әрекетінен бес жүзге жуық азамат зардап шеккен. Ал жыл басынан бері тек 150-ге жуық қазақстандық бұл қарыздан сот арқылы құтылған.

Әсем Нұрғалиева, «Бірінші несиелік бюро» Компаниясының бизнесті дамыту бойынша директоры:

Алаяқтар жалған құжат әзірлеп, не болмаса жоғалған құжатқа ірі несие алады. Ең қызығы банкілердегі қарыз алушылардың базадағы фотоларында өзге адамдардың суреттері тіркелген. Жалпы осы жағдайға байланысты біз клиенттерге өз несиелік тарихтарын жарты жылда бір рет тексеріп тұруға кеңес береміз.

Похожие материалы