Алматы. 2 желтоқсан. 7kun.kz - 2016 жылдың қараша айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 21,1 мың теңгені құрады. Бұл туралы LS хабарлайды.
Өткен аймен салыстырғанда (23,4 мың теңге) көрсеткіш 9,8%-ға төмендеген. Ал жыл басынан бері 6,8%-ға өскен.
Азық-түліктің орташа көлемі үшін 12,7 мың теңге жұмсалады, ал азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын қаржы шамамен – 8,4 мың теңге.
Ең төменгі күнкөріс деңгейінің максимал көрсеткіші Маңғыстау облысына тиесілі. Мұндағы көрсеткіш 28,5 мың теңге. Астанада күнкөріс деңгейі 27,8 мы теңге болса, Алматы қаласында 25,9 мың теңге. Ең төменгі көрсеткіш Павлодар (21,2 мың теңге) және Жамбыл облысында (21,1 мың теңге).