Алматы. 4 қазан. 7kun.kz — Қазақстанда 2017 жылғы қыркүйектегі күнкөрістің ең төменгі деңгейі 25 139 теңгені құрады. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.
2017 жылғы қыркүйекте негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы тамызбен салыстырғанда 2,1 пайызға төмендеді. Ал 2016 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 8,4 пайызға жоғарылады.
Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,9 пайыз, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқа, жемістер мен көкөністер – 15,1 пайыздан, нан және жарма өнімдері – 7,6 пайыз, қант, шай және дәмдеуіштер – 2,3 пайызды құрады.
Айгүл Хожантаева