Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы кәсіпорындар қызметкерлеріне 100 млн теңгеден аса қарыз

Қазақстандағы кәсіпорындар қызметкерлеріне 100 млн теңгеден аса қарыз

Қазақстандық кәсіпорындардың қызметкерлеріне берешегі 100 млн теңгеден асты. Жалақы төлеуде Қарағанды, Маңғыстау облысы мен Алматы қаласы тізімнің басында тұр деп хабарлайды «31 арна».

Экономистердің пікірінше, жағдай алдағы уақытта да ушыға түседі және бұл жұмыссыздықтың артуына әкеліп соғады. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі банкротқа ұшырайын деп отырған 22 отандық кәсіпорындарды да атап өтті. Шамамен 4500 қазақстандық жақын арада жұмыстан босатылуы мүмкін. Бұның өзі тек ресми деректерге қаралып есептелініп отыр. Қиын жағдайға тап болған кәсіпорындар қызметкерлерін қысқартуға немесе жалақыларын төмендетуге мәжбүр болады. Мамандардың пікірінше, өнім мен қызмет көрсетуі жоғары болған компаниялар бірінші болып зардап шегеді. Себебі адамдар ақшаларын үнемдеу үшін олардың қызметтерінен бас тартады. "Демек адамдар қымбат тауарлардан бас тарып, басқа да мұқтаждықтарына жұмсайтын ақшаларын азайтады.  Мысалы: логистика, транспорт, билет алу, темір жол және авиация қызметтері. Ал бұл қызмет түрлерінің барлығы адамдар арқылы жүзеге асырылады" ,- деді "Финпотребсоюздің» басқарма төрағасы Айдар Әлібаев. Кәсіподақ өкілдерінің айтуынша, көптеген компаниялар жұмыскерлерінің жалақысын орта есеппен  20-25 пайыз қысқаратуға шешім қабылдады. Қазірдің өзінде қызметкерлеріне тиесілі қарызын өтей алмай отырғандары бар. Жалақы бойынша қарыз көрсеткішінің басым бөлігін Қарағанды обылысы көрсетіп отыр. Олар жұмыскерлеріне 56 млн теңге қарыз. Алматы 32 млн, Маңғыстау облысы 23 млн теңге қарыз. Алайда дағдарыс бәріне әсерін тигізбейді. Кейбір салалар біркелкі тұрақтылығын сақтайды. "Нарық бұрынғыдай жұмысын жүргізіп жатыр. Мүмкін қосалқы құны жоғары тауарларға сұраныс азайған шығар, бірақ тұрмыстық тауарларға сұраныс сол күйінде. Экономикалық дағдарысқа қарамастан адамдар қалай тамақтанса, солай тамақтана береді", - деді Қазақстанның Еңбек конфедерациясының бас хатшысы Мұрат Машкенов.

Похожие материалы