Алматы. 26 шілде. 7kun.kz – Банктерге ипотекалық борыш шарты бойынша кепілдікте тұрған және қарызды өтей алмағандықтан банкке өткен баспананы жалға беруге рұқсат етті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.
Бағдарламаға кірмеген не бағдарлама шеңберінде қарыздарды қайта қаржыландырғаннан кейін шарттар бойынша міндеттемелерді орындай алмауы мүмкін ипотекалық қарыз алушыларды қосымша қолдау мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізілді. Түзетулерге сәйкес, қарыз алушыға оған бұрын тиесілі болған және қазіргі кезде атқарушы өндіріс шеңберінде банктің балансына өткен тұрғын жайды өз меншігіне қайтару мүмкіндігі беріледі.
Қазіргі кезде Ұлттық Банк тұрғынжайды жалға беру тетігін әзірлеуде.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау, қаржы ұйымдарының қызметін тәуекелге бағдарланған қадағалау, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының №168 - VI ҚРЗ Заңымен "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" ҚР Заңының 8- бабына банктерге Бағдарлама шеңберінде мүліктік жалдау (жалға беру) шарты негізінде ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) шарты бойынша кепіл ретінде болған тұрғынжайдың банктің меншігіне өткен тұрғынжайды жалға беру құқығын беру бөлігінде түзетулер енгізілді», - деп түсіндірді Ұлттық банк.