Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда контрабандалық өнімдердің көлемі артуда

Қазақстанда контрабандалық өнімдердің көлемі артуда

Қазақстанда контрабандалық өнімдердің көлемі артып жатыр. Экономиканың көлеңкелі секторы мен заңды сауданың тоқырауы салдарынан 90 млрд теңге қаржы шығын болуы мүмкін. Бұл туралы "Жемқорлыққа қарсы бизнес" альянсының басшысы Денис Кривошеев мәлімдеді.

Оның мәлімдеуінше, Ғылыми-өндірістік бірлестігінің өкілдері жергілікті өнімдердің бағасын көтеріп, көрші елдердің тауарларының елге келуіне жағдай жасауда. Сондай-ақ 2016 жылдан бастап алкоголь, темекі өнімдерінің акциздерін қымбаттату туралы  ұсыныстарын айтуда. Алматы және Шымкент қалаларына акцизделетін тауарлар Қырғызстаннан заңсыз түрде келіп, екі есе арзан сатылуда. Алдағы уақытта салықтың көтерілуі жергілікті өндірушілердің жұмысын тоқтатып, көрші мемлекеттен келетін импортқа бәсекелестігін жояды. "Қазақстан ЕАЭО-ға мүше болғаннан кейін біріккен елдер  арасындағы саудада кедендік  тосқауылдар жойылды. Көрші мемлекеттердің тауар бағаларының әртүрлі болуы заңсыз тауар тасымалына алып келді. Мысалы, 2014 жылы Ресейдегі автокөліктердің арзан болуы Қазақстанның автоөндірісіне кері әсерін тигізді. Алайда ел экономикасы үшін ең қауіптісі - күнделікті сұраныстағы акцизделетін тауарлардың контрабандалық жолмен тасымалдануы. Олар - алкоголь мен темекі", - деді Денис Кривошеев. Сарапшының сөзінше, соңғы екі жылда акциздердің көлемі екі есе артқанмен, бюджет салығын жинауға кері әсерін тигізіп отыр. Басты себебі - алкоголь өніміне қатысты контрабанда көлемінің 30 пайызға артуы. Сондай-ақ, Қазақстанда контрафакт көлемі де біршама өскен. Астана, Алматы қалалаларына жақын аймақтарда алкоголь өндіретін жасырын цехтар пайда болған. 7 млн-ға жуық жасанды есептік бақылау маркалары және есепке алынбаған 6 млн құты алкоголь мен 186 мың литр спирт алынған. Әзірге қазынадағы темекі салығының көлемі азая қойған жоқ. Ал мемлекетке акциз құнын көтеру тиімді болып отыр. Үш жылдағы жоспар бойынша, темекі өнімдерінің акциздерінің мөлшерлемесі арқылы бюджет көлемі 300 пайызға артқан. Дегенмен, мемлекет мұндай көрсеткішке қарамастан импорттың өсуінің салдарынан 10 млрд теңге көлемінде шығынға батады. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша, 2015 жылы шекарадағы тексеру пункттерінен өтпейтін, жеке автокөліктермен темекі өнімдерін алып келушілердің саны артқан. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында Қырғызстан акциздік маркаларымен заңсыз тасымалданған темекі өнімдері табылды.  Нәтижесінде 10 мың теңге көлеміндегі темекі өнімдері тәркіленді. Ал Қазақстан сауда кәсіпкерлігі ассоцияциясының президенті Нұрсадық Әбішев контрабандалық әрекеттердің барынша ушығып бара жатқанын атап өтті. "Қазіргі кезде бөлшек сауда орындарының көпшілігі салынған айыппұлдарға қарамастан заңды өндірушілердің ресми дистрибюторлары арқылы жасалған келісім бойынша өнімді сатып алып жатыр. Алайда контрабанданың пайда болуы сатушылар заңсыз әрекеттерге баруына әсер етуде. Біз өз қолымызбен орта және шағын бизнеске кедергі келтіріп отырмыз", - деді ол. Фото: rus.postimees.ee

Похожие материалы