Алматы. 27 желтоқсан. 7kun.kz - 2016 жылы карта нарығы жүйелі түрде өзгерген. Алғаш рет нарықтағы кредиттік картаның үлесі 5-6%-ға артып, бірден 13%-ды құрады. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.
Қолданылған кредиттік карталар саны бір жылда бірден 2,6 есеге өсіп, миллионнан асты. Қараша айындағы нәтиже бойынша нарықта белсенді түрде қолданылған карталардың саны 1,08 миллионнан асқан.
Осылайша, банктік караталар нарығында кредиттік карталардың үлесі басым. Сондай-ақ, тиімді cash-back, карта арқылы ұсынылатын кредиттік сатып алулар және ешқандай алдын ала төлем жасамай тауар сатып алу сияқты қызметтер бойынша кредиттік картаны қолданатындардың саныны артқан.
Бұдан бөлек, кредиттік карталар арасында Visa халықаралық жүйесін пайдаланғандардың үлесі басым (бірден 16,3%-ға дейін өскен). Бір жыл ішінде қолданылған Visa картасының саны 2,6 есеге өсіп, 939 мыңнан асты.
MasterCard жүйесінде пайдаланылған кредиттік карталардың үлесі 8% немесе саны шамамен 3 есеге артып, қараша айында 122,9 мыңға жуықтады.
Қараша айының нәтижесі бойынша кредиттік картаны еңбекке қабілетті әрбір сегізінші қазақстандық пайдаланады.