Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әлемдегі ең жіңішке смартфон Қазақстанда сатыла бастады

Әлемдегі ең жіңішке смартфон Қазақстанда сатыла бастады

Қазақстанның техника дүкендеріне осы аптада британдық Fly брендінің Tornado Slim атты жаңа смартфоны сатылымға түсті. Бұл смартфон Гиннес рекордтар кітабына әлемдегі ең жіңішке смартфон ретінде енген. Қалыңдығы - 5,1 мм. Ағымдағы бағасы - 59 990 теңгені құрап отыр. Қазақстандық Fly-дың мақұлданған сервис-провайдері SmartMaster компаниясы. Бұл компанияның желілері еліміздің барлық аумақтарына таралған. Бренд Alser, Fora, Logycom және Sulpak дүкендерінде сатылымда бар.

Смартфонның габариты шағын болғанымен, 1,7 ГГц жиіліктегі сегіз ядролы процессор орнатылған. Телефон Android 4.4 операциялық жүйесінде жұмыс жасайды және micro SIM қабылдайды, жады 16 ГБ. 4,8 дюймдық экраны Gorilla Glass 3 соққыға қарсы әйнегімен жабдықталған. Одан бөлек, Tornado Slim-ді металл каркас та қорғап тұрады. Ішкі детальдар мен жиектері алюминийден жасалған. Сәйкесінше, телефон өте жеңіл - небәрі 95 грамм. Құрылғы екі  түсте жарық көрді: ақ және қара. Камерасы 8 мегапиксель. Сонымен бірге, сәтті сурет түсіру үшін автофокус, жарық балансын бақылауға болатын арнайы функциялары да бар.

Похожие материалы