Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда мәйітханалар жетіспейді

Қазақстанда мәйітханалар жетіспейді

Алматы. 14 наурыз. 7kun.kz - Қазақстанның әділет министрі Марат Бекетаев Қазақстанда мәйітханалар жетіспейтіндігін мәлімдеді. 

"Соңғы жылдары жаңа үйлер мен емхана құрылысына көп қаржы салынады. Бірақ мен басқа проблеманы атап өткім келеді, жаңа мәйітханалардың құрылысына өте аз ақша бөлінді. Бір кездері тіпті назар аударуды қойған еді, бірақ бұл ірі қалалар үшін өте маңызды мәселе екенін айту керек. Аймақтағы әкімдерге де жергілікті бюджеттен осы проблемаға орын қарастыруды өтінемін. Қажет болса республикалық бюджетке өтініш беруге болады", - деді Марат Бекетаев үкімет отырысында.   Өз кезегінде денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәселені әділет министрлігімен біріге отырып шешуге уәде берді.

Сountrymeters.info сайтындағы мәліметке сәйкес, 2016 жылы елімізде 399 458 адам туылып, 157 615 адам қайтыс болған.

Ал 2017 жылдағы статистикаға сәйкес, күніне орта есеппен 1 111 сәби дүниеге келіп, тәулігіне орта есеппен 439 адам қайтыс болады. Жыл басынан бері елімізде 30 889 адам дүниеден өтті.

Осы жылы Қазақстан халқының өсуі күніне 766 адам болады деп болжанып отыр.

Похожие материалы