Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда медициналық қызметтердің бағасы тез өсіп жатыр

Қазақстанда медициналық қызметтердің бағасы тез өсіп жатыр

Алматы. 7 тамыз. 7kun.kz - Қазақстанда дәрігерлердің жалақысына қарағанда медициналық қызметтердің бағасы тез өсіп жатыр. Бұл туралы energryprom.kz хабарлады.

Сарапшылардың мәліметінше, алғашқы дәрігерлік қабылдау бағасы бір жылда 10 пайызға, жалпы қан сараптамасы 7,6 пайызға, несеп сараптамасы 8,5 пайызға, құрсақ қуысы органдарына ультрадыбысты зерттеу жүргізу бағасы бір жылда 13 пайызға қымбаттаған.

Сондай-ақ, массаж жасау қызметінің құны 6,5 пайызға, шипажайда ем алу 6,8 пайызға өскен. Сарапшылар денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың болашаққа жақсы болжам жасағанын айтып өтті. Министрдің айтуынша, міндеттелген медициналық сақтандыру жүйесінде дәрігерлердің орташа жалақысы өсіп, клиникалардың табысы көбейеді.

"2016 жылдың қорытындысы бойынша дәрігерлердің саны 7 пайызға (74,6 мыңға), медицина қызметкерлерінің орта саны 4,2 пайызға (170,8 мыңға) көбейді. 2015 жылмен салыстыратын болсақ, 2 жыл бұрын дәрігерлердің саны жылына 1,2 пайызға өссе, медицина қызметкерлерінің саны 2,4 пайызға ғана көбейген", - дейді мамандар.

Дереккөз: tengrinews.kz

Похожие материалы