
Қазақстанда 2015 жылдың наурыз айында ақша жиыны 0,3%-ға, 12,322 трлн теңгеге көтерілді деп хабарлайды Ұлттық банк.
Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айы бойынша ақша жиыны 3,9%-ға азайды.
Наурыз айында айналымдағы қолма-қол ақша көлемі 0,6%-ға көбейіп (қаңтар-наурыз айында 7,6%-ға төмендеді), 1,037 трлн теңгені құрады. Есептік кезеңде банк жүйесінің депозиттері 0,1%-ға (қаңтар-наурыз айында 3,5%-ға азайған) - 11,284 трлн теңгеге өсті.
2015 жылдың наурызында ақша базасы 4,5%-ға кеңейіп, 3,287 трлн теңгені құрады (жыл басынан бері 3,7%-ға төмендеп келген еді). Тығыз ақша базасы наурызда 1,7%-ға өсіп, 3,111 трлн теңгеге көбейді (жыл басынан бері 6,1%-ға қысқарған).