Экономика
Қазақстанда несие карталарының 42 пайызы ғана қолданылады
Қазақстанда несие карталарына сұраныс қайта арта бастады. 2014-2015 жылдың сәуір аралығында қолданыстағы карталардың саны 19 пайызға немесе 413 мыңға артты.
Тек қана 2015-тің наурыз-сәуір айларында несие карталарының саны 6,6 мыңға көбейген. Өсіммен бірге сапа да көбеюде. Сәуір айында еліміздегі несие карталарының 15 пайызы қолданылған. 1 жыл бұрын бұл көрсеткіш 9,5-ақ пайыз еді.
Ал, дебеттік карталар 26 мамырдағы көрсеткіш бойынша 6-ақ пайызға артқан.
Жыл бойы дебеттік карталар 350,7 мыңға ұлғайып, 6,0 миллион дананы құрады. Карталардың басқа түрлері 104,4 мыңға артып, 590 мың дананы құраған.
Сәуір қорытындысы бойынша жалпы алғанда қолданыстағы карталардың саны 7 миллионды құрады. 1 жыл бұрын 6,6 миллион еді.
Айналымдағы карталардың саны бір жылда 409,4 мың данаға өсіп, 16,9 миллион дананы құраған.
Дебеттік карталар өсім бойынша көш бастап тұр. Олардың көлемі 5 пайызға өсіп, жалпы карталардың көлемінің 78 пайызын құрады. Несие карталары 16, қалған түрлері 6 пайызды құрады.
Жылдық аздаған өсімге қарамастан айналымдағы карталардың белсенді қолданыста жүргендері жалпы карта санының жартысына жетпейді. Сәуірде жалпы карта санының 45 пайызы ғана қолданылған. Былтыр бұл көрсеткіш 40 пайыз ғана болған еді.