Экономика
Қазақстанда несие картасымен сауда жасауға болатын дүкендер саны артады
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті еліміздегі дүкендерде pos-терминалдар орнату туралы бастаманы қолға алуда деп хабарлайды Қазақпарат.
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин мәлім етті.
Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда 14,8 млн несиелік және дебиттік карта тіркелген. Бірақ соған сәйкес қызмет ететін pos-терминалдар тек 66 мың салық төлеушіні ғана қызметпен қамти алады.
«Сондықтан біз қазір Үкіметке pos-терминалдар мен кассалық бақылау машиналарын көбейту және таратуға арналған бағдарлама жасау туралы қажетті ұсынысты бердік», - деп атап өтті ол.