Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда несиелердің 70%-ы теңгемен берілген

Қазақстанда несиелердің 70%-ы теңгемен берілген

2015 жылдың қаңтар айындағы банктердегі несиелендірудің жалпы көлемі 12 трлн 166 млрд теңгені құрап, 0,5%-ға өсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Теңгемен алынған несиелердің жалпы көлемі 8 524,2 млрд теңге, шетел валютасында 3 641,7 млрд теңгені құрады. Теңгемен берілген несиелердің нақты үлес салмағы 70,1%. Қаңтар айындағы ұзақ мерзімді несиелеу 0,6%-ға өсіп, 9 665,9 млрд теңгені құрады. Қысқа мерзімді несиелеу 2 500,1 млрд теңгені құрап, 0,1%-ға өсім көрсетті. Ұзақ мерзімді несиелеудің нақты үлес салмағы қаңтар айында 79,4%-дан 79,5%-ға көтерілді. Заңды тұлғаларға берілетін несие көлемі 2015 жылдың қаңтар айында 1,1%-ға өсіп, 8 178,2 млрд теңгеге дейін, жеке тұлғаларға 0,7%-ға төмендеп, 3 987,8 млрд теңгеге дейін берілді. Жеке тұлғаларға берілген несиелердің нақты үлес салмағы қаңтарда 33,2%-дан 32,8%-ға түсті. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу экономикадағы несиелердің жалпы көлемінің 14,7%-ын  немесе 1 787,4 млрд теңгені құрады. Салалық құрылымда банктерден алынған несиелер ішінде мына салалардың үлес салмағы басым болды: сауда (жалпы көлем бойынша үлесі - 20,0%), өндірістік (11,3%), құрылыс (9,6%), ауыл шаруашылығы (4,0%) және көлік (3,6%). Ұлттық валютадағы банктік емес заңды тұлғаларға берілген орташа сыйақы мөлшерлемесі 17,4%-ды, жеке тұлғаларға - 20,4%-ды құрады. Ақпарат көзі: капитал.кз

Похожие материалы