Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда орташа жалақы көлемі өсті

Қазақстанда орташа жалақы көлемі өсті

Қазақстандағы жалақы қоры 2015 жылдың қаңтар-тамыз айында 5,7%-ға өсіп, 4 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Статистика агенттігі хабарлайды.

Қазақстан бойынша орташа жалақы көлемі 2015 жылдың 9 айында 122,1 мың теңге болды. 2014 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 4,1-ға өсті. Орташа жалақы көлемінің ең көп бөлігі жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу саласына тиесілі (+89%). Аталған сала қызметкерлері орташа есеппен айына 191,2 мың теңга жалақы алады. Білім саласындағы орташа жалақы көлемі - 77 мың теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,4%-ға жоғары. Осы сала бойынша қосымша қызмет түрін ұсынатындардың орташа жалақысы – 144,7 мың теңге. Есеп беру кезеңінде, орташа жалақы тау-кен өндірісінде (+5,2%), көтерме сауда саласында (+3,2%), жүкті сақтау ісінде (+9,3%), туризм саласында (+12,5%) көтерілген. Ал еңбекпен қамту саласы бойынша орташа жалақы айына 301,2 мың теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 37,4%-ға азайған. Сондай-ақ, орташа жалақы балық аулау кәсібінде (-20%), автокөлік және мотоцикл саудасында (-10,3%), жүк тасымалы, темір жол транспорты (-5,2%) және су транспорты саласында (-6,4%) азайған. Сәулет өнері мен техникалық байқау жұмыстары үшін тағайындалған сыйақы көлемі - 6,3%-ға, мемлекеттік басқарма жұмысы үшін сыйақы көлемі – на 4,5%-ға қысқарды. Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, 2015 жылдың 9 айында жұмысшылардың саны - 3,64 млн адамға өскен.

Похожие материалы