Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда орташа жалақы мөлшері жарияланды

Қазақстанда орташа жалақы мөлшері жарияланды

Алматы. 1 тамыз. 7kun.kz – Қазақстанда 2018 жылдың сәуір-маусымында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 162 751 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.

Бір айлық орташа жалақы көлемі 2017 жылғы екінші тоқсанмен салыстырмалы түрде 8,5% өсті, ал нақты түрде 2,2% артық болды.

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде -335,3 мың теңге  (орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 273,2 мың теңге (1,7 есеге асты), өнеркәсіп саласында - 224,7 мың теңге (1,4 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында - 238,4 мың теңге (1,5 есеге асты), құрылыс саласында - 212,8 мың теңге (1,3 есеге асты) болып белгіленді.

Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді - 93,7 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 42,4%-ға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді - 291,3 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,8 есеге асады. Жамбыл облысында мұның шамасы 111,2 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 31,7%-ға төмен.

Похожие материалы