Алматы. 4 қазан. 7kun.kz — Қазақстанда пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан көліктер саны бір жылда 60 пайызға өсті. Ал пайдалану мерзімі 3 жылдан аспаған көліктер 15,3 пайызға төмендеген. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.
2017 жылдың шілде соңында 3,84 млн жеңіл автокөліктер тіркелген. Бұл 2016 жылғы шілдедегі деңгейден 0,4 пайызға төмен. Тіркелген автокөліктердің 66,3 пайызы пайдалану мерзімі 10 жылдан асса, 3 жылдан асқан автокөліктер бір жылды 12,6 пайыздан 8,7 пайызға қысқарған. Автокөліктердің 94,5 пайызы жеке тұлғаларға тиесілі.
Қазақстанда 33 банктің 15-і жаңа автокөліктерді сатып алуға автокредиттерді бере алады.
Айгүл Хожантаева