Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда пилотсыз автокөлік пайда болады

Қазақстанда пилотсыз автокөлік пайда болады

Алматы. 6 наурыз. 7kun.kz — Қазақстандық нарықта жүргізушісіз автокөліктер пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Астанадағы халықаралық автофорумда Iveco өкілі Лоренцо Бернардели айтты, деп хабарлайды Kapital.kz.

Форумда Лоренцо Бернардели инновациялық көліктің тұжырымдарымен таныстырды. CNH Industrial корпорациясының құрамындағы Iveco — коммерциялық техникаға белсенді түрде жаңа технологияларды енгізіп келе жатқан компания. Таныстыру барысында спикер аталмыш компания жүргізушімен басқарылатын көліктен пилотсыз автокөліктерге ауысу тенденциясын қолдайтынын айтты. Сонымен бірге, ол қазақстандық әріптестері әлемдік концерннің тәжірибесіне ілеседі деп сенемін, деді.

«Қостанайда шығарылатын Iveco-ның бірқатар модельдері Қазақстандық клиенттердің сұраныстарына: жергілікті климатқа, ҚР солтүстік және оңтүстік аймақтағы жолдарға лайықталған. Біз Қазақстандағы өндірістің қарқынды дамуы мен серіктесіміз AllurGroup-тың инновациялық технологияларды енгізуге деген ықыласын ескере отырып, автокөліктердің футуристік модельдері болашақта қазақстандық нарықта да қолжетімді болуы мүмкін деп ойлаймыз.

AllurGroup зауытында Iveco-ның жеңіл және ауыр коммерциялық техникалары әртүрлі мамандандырылған комплектацияларда шығарылады. Оның ішінде, ТЖ қызметіне, ІІМ органдарына арналған құтқарушы автокөліктер, денсаулық сақтау қызметіне арналған, бензин тасымалдаушы, өрт сөндіруші  көліктер бар.

 

Похожие материалы