Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда құрғақ саумалдан косметика жасалмақ

Қазақстанда құрғақ саумалдан косметика жасалмақ

Алматы. 11 сәуір. 7kun.kz – 2018 жылы Қазақстанда құрғақ саумалдан косметика өндірілмек. Бұл туралы "ЕвразияИнвест ltd" директорының орынбасары Ғалымжан Мейрамбеков мәлімдеді.

«Қазір шикізат жетіспейді, сондықтан сүт өндірісін көбейтіп жатырмыз. Саумалды жақын жердегі шаруалардан сатып аламыз. Кәсіпорын 2018 жылға дейін іске қосылады. Біз крем, лосьон, душқа арналған гель шығаруды жоспарлап отырмыз. Қымыздың емдік қасиеті мол және теріні жасартады», - деп атап өтті Ғалымжан Мейрамбеков.

Біздің өндірістің жұмыс істеп жатқандығына бір жылдай уақыт болды. Өнімнің жалпы көлемі – 15 тоннаны құрады.

Қазіргі уақытта құрғақ саумалды дүкендерден 30 мың теңгеге сатып алуға болады. Компания басшылығының мәліметінше, баға төмендейді. Бірақ ол шикізаттың жеткіліктілігіне байланысты.

Одан бөлек, компания құрғақ саумалды Қытайға, Жапонияға және басқа да Еуропа елдердіне экспортқа шығаруды жоспарлап отыр.

Похожие материалы