Айырбастау бөлімшелері ақпан айында рубль сатылымдарын 1,5 есе арттырды. Жалпы алғанда орыс валютасы 84 млрд теңге соммасына сатылған. 2014 жылдың ақпанымен салыстыратын болсақ, бұл көрсеткіш 3,5 есе аз болған - 24 млрд теңге. Бұл туралы Ranking.kz аналитика қызметі хабарлайды.
Айлық өсімнің ең жоғары қарқынын Маңғыстау облысы көрсетті - 15,7 есе, 16,1 млрд теңге. Екінші орында Алматы облысы - 10,6 есе, 4,3 млрд теңге. Үшінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы - 10,4 есе, 14,4 млрд теңге.
Бір жыл ішінде айырбас бөлімшелеріндегі рубль сатылымдары 59,9 млрд теңгеге, 3,5 есе өскен. Жылдық максималды өсім қарқыны Қызылорда облысында тіркелді - 34,6 есе, 4,4 млрд теңге.
Рубль сұранысының ақпан айындағы лидерлері Маңғыстау және Оңтүсітік Қазақстан облыстары. Екі аймақ айырбас бөлімшелеріндегі Ресей валютасының барлық сатылымдарының 36% қамтамсыз етті.
Мегаполистердегі сатылымдар, керісінше, төмендеді - 24,1 млрд теңгеден 17,9 млрд теңгеге дейін.