Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда шағын бизнесті несиелендіру көлемі артты

Қазақстанда шағын бизнесті несиелендіру көлемі артты

Алматы. 25 қыркүйек. 7 kun.kz — 2017 жылдың шілде соңында шағын бизнесті несиелендіру көлемі 11,2 пайызға (312,2 млрд теңге) өсіп, 3,11 трлн теңгені құрады. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.

Республика бойынша 12 аймақта шағын бизнесті несиелендіру көлемі артқаны байқалады. Қазақстанның екі мегаполисі (Астана мен Алматы) тізімде көш бастап тұр.

Бірінші орында - Астана. Несиелендіру көлемі 131,4 млрд теңгеге (16,6 пайыз) өсіп, 923,6 млрд теңгені құрады. Екінші орында - Алматы қаласы. Ірі кәсіпкерлікке кредит беру портфелі 1,5 трлн теңгеге өсіп, 112,3 млрд теңгені құрады.

Алматы мен Астана қаласы республика бойынша, Алматы 47,8 пайызын, Астана 28,3 пайызын алып отыр. Үштіктің қатарында Қарағанды облысы кіреді. Аймақта шағын бизнесті несиелендірудің жылдық өсімі 19,5 млрд теңгеге өсіп, 82,6 млрд теңгені құрады.

Жылдық өсім бойынша ең көп несиелендіру көлемі ауыл шаруашылығында, орман және балық шаруашылығы саласында тіркелді.

Екіншісі тізімге жоқ салаларға несиелендіру көлемі 154,7 млрд теңге өсіп (23,2 пайыз), жалпы 821,3 млрд теңгені құрады.

Үшінші орында - көтерме және бөлшек сауда (оның ішінде автокөліктер мен мотоциклдерді жөндеу кіреді). Бұл салаға несие беру көлемі 11,9 млрд теңгеге өсіп, (1,2 пайыз), 1 трлн теңгені құрады. Әр үшінші шағын бизнесті неиселендіру осы топтағы бизнеске кіреді.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы