Экономика
Қазақстанда тұрғын үй тапшылығы болады
Құрылыс компанияларының жетекшілері жаңа тұрғын үй құрылысын бастамайтындықтан, бір екі жылда Қазақстанда тұрғын үй тапшылығы болуы мүмкін. Мұндай болжамды Қазақстанның сәулетшілер Ассоциациясы (ҚСА) жасады деп хабарлады LS.
ҚСА-ның мәлімдеуінше, 2006 жылы көрсетілген шаршы метрлердің көлемі жыл сайын 6,5-7,5 млн шаршы метрге қысқарып отырған. Мысалы 2014 жылы пайдалануға берілген тұрғын жайлардың көлемі 7,5 млн шаршы метрді құрады.
Соңғы жарты жылда бірінші нарықта сатылымда ұсыныстардың саны 20%-ға қысқарып, тенденция ай сайын жалғасып жатыр. Сондықтан ҚСА бірінші нарықта сатылымға шығатын тұрғын үйлердің тапшылығы болуы мүмкін деген болжам айтты.
«Біз ештеңеге қарамастан 2015 жылдың тамызында 720 млн шаршы метр тұрғын үйлерді пайдалануға беріп, рекордтық көрсеткішке жеттік. Қазір жаңа жобалардың құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Бұл құрылыс маетриалдарының қымбаттауымен, нарықтағы құбылмалықпен және девальвацияның қысым көрсетуімен байланысты. Отандық материалдардың бағасы 15%-ға, ал импорттық материалдардың бағасы 35%-ға өсті», - деді ассоциацияның атқарушы директоры Аслан Тукиев.
Сондай-ақ, ол мемлекет аумағының кең болғанына қарамастан Қытай, АҚШ, Еуропамен салыстырғанда Қазақстанда бәрі өте тығыз орналасқанын жеткізді. Оның үстіне тұрғын үй қоры ескіріп барады. Мысалы, 1975 жылы салынған үйлердің көпшілігі бір-екі бөлмелі, аз қамтылған пәтерлер қатарында.
"Жаңадан енгізілетін тұрғын үй тенденциялары қысқарып жатыр. Әрине мұны мемлекттің экономикалық дамуына қатысты айту дұрыс емес. Қазір Қзақстанда бір адамға 0,4 шаршы метр тиесілі. Ал бұл Жапония мен АҚШ-та 1,1 және 1,07 шаршы метр болады. Тіпті Ресейдің өзінде бір адамға 0,49 шаршы метр тиесілі. Тұрғын үйлердің тапшылығы - маңызды тенденция болғандықтан бірнеше жылға созылуы мүмкін", - деді ол.