Алматы. 20 шілде. 7kun.kz — 2017 жылы тұрғын үй жалдау нарығында 5 жыл ішіндегі ең үлкен құлдырау белгіленді. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.
Бағалар қазақстандықтардың қаржылық мүмкіндіктерін қысқартуға байланысты төмендеп жатыр. 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығында ҚР-да тұрмысқа жайлы тұрғын үй жалдау 2016 жылдың қаңтар-маусымынан 0,1 пайызға кеміді. Ал тұрмысқа жайсыз үй жалдау бір жылда 0,1 пайызға ғана артқан.
Салыстыру үшін: 2016 жылдың І жартыжылдығында жетілдірілген тұрғын үй жалдау - 2,7 пайызға, жайсыз тұрғын үй - 4,9 пайызға артты.
Тұрғын үйді жалға берушілер қазақстандықтардың нақты табыстарының азаюына байланысты бағаны төмендетуге мәжбүр. 2017 қаңтар-мамырда өткен жылғымен салыстырғанда, ҚР халқының нақты қаржылай табысы 2,9 пайызға азайып кетті.
Айта кетейік, 2016 жылы (қаңтар-мамыр) республика тұрғындарының сатып алушылық қабілеті инфляцияның кенет өсуіне байланысты 2,4 пайызға төмендеді.
2017 жылы жалпы ҚР-ның 5 аймағында тұрмысқа жайлы тұрғын үй бағасы төмендесе, 8 аймағында өскен, ал өалған аймақтарда бір жылда баға өсгермеген.
Бағаның ең жоғарғы төмендеуі Алматыда тіркелді - мұнда үй жалдау былтырғыдан 9,7 пайызға арзандаған. Екінші орында - Астана: 9,3 пайызға арзан. Үшінші орында - Көкшетау: жартыжылдықта үй жалдау бағасы 4,7 пайызға төмендеген.
Тұрмысқа жайсыз үйлерді жалдау нарығы демпингке аса бейім емес - бар болғаны ҚР-ның 3 аймағында ғана баға арзандаған. 9 облыста баға қымбаттаса, 5 аймақта баға өзгеріссіз қалған.
Тұрмысқа жайсық үйлерді жалдаудағы бағаның едәуір төмендеуі - Астана қаласында. Бір жылда бағалар 16,1 пайызға арзандады. Алматыда да жалдау арзандады - 6,8 пайызға. Ал Көкшетауда жайсыз үйлерді жалдау 3,7 пайыз арзанға түскен.